Маңғыстауда жаңа оқу жылы басталғалы 80-нен астам оқушы коронавирусқа шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі уақытта стационарда 57 адам ем қабылдап жатыр.

Атап айтатын болсақ, коронавирус инфекциясына – 35, пневмонияға 22 адам шалдыққан. Оның ішінде 6 баланың 3-і – коронавирус инфекциясымен, 3-і – пневмониямен ауырып жатыр. 4 жүкті және босанған әйел ем қабылдауда. Төсек-орындардың толымдығы 17%-ды құрайды, - деп атап өтті Гүлмира Қалмұратова.

Сондай-ақ дәстүрлі оқу форматына ауысқалы бері қанша оқушы індет жұқтырғаны туралы айтылды.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері 82 оқушыдан анықталды. Сонымен қатар өңірде вакцинаның І компонентін алған 89 науқас ем қабылдады. Олардың арасында 2 науқас реанимация бөлімшесінде емделіп шықты, - деді өңір әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Маңғыстауда қанша адам індеттен қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы