Маңғыстауда ұшақ апаты болған жердің топырағынан сынама алынды
Ведомствоаралық жедел тергеу тобы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігімен «Баку-Грозный» бағытында ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының “Embraer 190” ұшағының 2024 жылы желтоқсанның 25-і күні сағат 11:28 шамасында Ақтау халықаралық әуежайынан 5 шақырым қашықтықта апатқа ұшырау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңірдің Экология департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеу қажеттілігіне байланысты мемлекеттік нөмірі “4K-AZ65 Еmbraer 190” ұшағының құлаған жерінде қоршаған ортаның ластануын анықтау үшін департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары топырақтан сынама алды.
Сынама нәтижесі алдағы уақытта белгілі болып, қосымша хабарланады.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 25-інде Бакуден Грозныйға бет алған Әзірбайжанның Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190AR ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырап, бортта болған 67 адамның 28-і аман қалып, 39-ы қайтыс болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
Өзгелердің жаңалығы