2 Қаңтар 2024 2024, 08:31
Фото: Архив BAQ.KZ
Маңғыстауда үш адам отшашудан зардап шекті
Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оның біреуі — ересек адам, екеуі – бала.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған.От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала, - делінген баспасөз мәліметінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңа жыл түні 56 мыңнан астам қазақстандық жедел жәрдем қызметіне жүгінгені туралы жазған болатынбыз.