Маңғыстауда термометр бағамы 50 градус ыстықты көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылында жұмысшылар күннің 50 градус ыстық екенін көрсеткен өлшеуіш құралды видеоға түсіріп алды деп хабарлайды Лада. 

Халықтың айтуынша, олар аптап ыстыққа қарамастан далада жұмыс істеген.

«ЖетібайМұнайГаз» кен орындарында кеше және бүгін «ОСК», «Ақтаукратехсервис», «Вест Ойл», «МаңғыстауМұнайГаз» компаниялары және шағын жекеменшік компаниялар жұмысын жалғастырып жатыр, - дейді видео авторы.

Rp5 ауа райы болжамы сайтының хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 17:00 шамасында өңірдегі ең жоғары ауа температурасы Маңғыстау ауданындағы Тұщықұдық ауылында байқалды. Онда +46 тіркелді.

Gismeteo ауа райын болжау сайтының хабарлауынша, аптаның соңына қарай Маңғыстауда ауа температурасы Шетпе, Жетібай және Жаңаөзен ауылдарында 43 градусқа, Бейнеу ауылында 44 градусқа жетеді. Ал Ақтауда термометр 34 градусқа дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы