Маңғыстауда "Tenge Oil & Gas" компаниясына қатысты экологиялық тексеру жүргізілді

 "Tenge Oil & Gas" ЖШС кен орнында орын алған мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдар мен Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасының өтініші негізінде басталған. Мамандар апат салдарынан топырақтың ластанып, атмосфераға зиянды заттардың таралғанын анықтады.

Экологиялық заңбұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 328-бабы (антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) және 337-бабы (жердің бүлінуі) бойынша хаттамалар толтырылды. Компанияға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді.

Айта кетейік, 10 маусым күні сағат 07:00-де "PETRO NefteGasService" ЖШС мердігерлік ұйымы теңге кен орнының №553 ұңғымасында бұрғылау кезінде мұнай тасып кеткен болатын. 9 шілдеде дәл осы ұңғымада құрылымның бір бөлігі қисайып, тағы бір техникалық ақау тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы