9 Қыркүйек 2024 2024, 09:49 Фото: - архив

Маңғыстауда тамақтан уланған балалардың жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облысында тамақтан уланған балалардың жағдайы тұрақты қалыпты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысында тамақтан уланған балалардың жағдайы тұрақты қалыпты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысы Білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева Маңғыстау-5 амбулаториялық пунктінде және Мұнайлы аудандық емханасында ем алып жатқан оқушыларға барып, балалардың жағдайларын біліп, ата-аналарымен кездесті.

Басқарма басшысы білім саласының қызметкерлері ата-аналар мен оқушыларға әрқашан көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Бесшоқы ауылының №8 мектебінде болған жағдайға байланысты қандай емдеу шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Бесшоқы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында, сонымен қатар орталық емханада ауызбен суландыру бөлімдері ашылды. Бақылаудағы балалардың жағдайы тұрақты қалыпты. Үйдегі ата-аналарға қайталап ауырып, қызуы көтеріліп, іші өтіп жатқан балаларды үйде өз беттеріңізбен емдемей, дәрігердің көмегіне жүгініңіздер. Ауызбен суландыру бөлімшелеріне келіп, балаларыңызды қаратып, дәрігердің нұсқауымен ем қабылдағандарыңыз жөн, - деді Динара Жұмашева.

Бұған дейін, Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған

Қазіргі уақытта іш ауруы, дене температурасының жоғарылауы туралы шағымдары бар 67 бала көмекке жүгінді

Ал әлеуметтік желіде уланған балалардың саны 92-ге жетті деген ақпарат тарады. Бесшоқы ауылының тұрғыны уланған оқушыларды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем вагондарының тапшылығы туралы бейне түсірген. Оның сөзінше, арнайы көлік тек бір науқасты тасымалдаған.