Маңғыстауда тағы бір ауыл ішімдіктен толық бас тартты

Алкогольден бас тартқан Маңғыстау ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда тағы бір ауыл алкогольден толық бас тартты. Онды ауылындағы дүкендерде алкоголь сатылмайды. Нәтижесінде қылмыс мүлдем тіркелмеген. 

Бұл туралы өңір басшысының Маңғыстау ауданына жұмыс сапары кезінде белгілі болды. 

Нұрлан Ноғаев Ұштаған, Онды және Жармыш ауылдарында тұрғындармен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады.

Маңғыстау ауданындағы ауыл қылмысты азайту бойынша рекорд жаңартуда. Онды ауылы үш жыл бұрын алкогольден толықтай бас тартқан. Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығын белсенді жүргізеді: ет, сүт өнімдерін өндіреді. 

Ауылда 45 шаруа қожалығы табысты жұмыс істеуде. Жақында Онды ауылдық округі республикалық "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына енгізілді. Бұл жақын арада ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылданады деген сөз. Яғни, ауыз сумен, электр энергиясымен, газбен жабдықтау, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу және әлеуметтік нысандар салу. Ауылдық округке жалпы саны 1300-ден аса тұрғыны бар Онды ауылы мен Бекі және Басқұдық елді мекендері кіреді. 

Қазір Бекі ауылында 100-ге жуық бала оқитын жаңа мектептің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Биыл ауылда мәдениет үйі мен тоғыз мың данадан астам кітап қоры бар кітапхана жөндеуден өтті. Бұл ауыл тұрғындарының мәдени құндылықтар мен оқуға көп көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Онды ауылы да әдеби саладағы тарихи мұрасымен мақтанады, өйткені дәл осы жерде атақты жазушы Әбіш Кекілбаев туып-өскен. Нұрлан Ноғаев екі мыңға жуық адам тұратын Ұштаған, Жарма және Сазды елді мекендерін қамтитын Ақтөбе ауылдық округіне де барды. Кездесу барысында тұрғындар көтерген басты мәселелер балалар тасымалдайтын көлік, медицина, ветеринария, автожолдар, спорт кешенін салу мәселелері болды. Ұштаған ауылы орталықтандырылған ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен 100% қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. 

Ауылдық округ шегінде 150-ден астам жеке кәсіпкер тіркелген. "Ауыл аманаты" жобасы аясында ауыл тұрғындарының бірі түйе шаруашылығын дамыту үшін 7,2 миллион теңге көлемінде несие алған. Жұмыс сапарының бірінші күнінің соңында Нұрлан Ноғаев Жармыш ауылында болды. Кездесуде тұрғындар жұмыспен қамту, сумен жабдықтау, әлеуметтік нысандарды жөндеу, газдандыру және көшелерді жарықтандыру сияқты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Жармыш ауылында 260 орынға шақталған "Жармыш" жалпы білім беретін мектебі жұмыс істейді. Онда 75 педагог қызмет етеді. 

Өткен оқу жылында мектепте бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді: спорт залы мен асхана жаңартылды. Сонымен қатар, ауылда мәдениет үйі мен кітапхана бар, онда 13 мыңнан астам кітап қоры сақталған. Сондай-ақ ауылда шағын спорт алаңы бар, "Ауыл аманаты" жобасы аясында спорт кешенін салу жоспарлануда. Жармыш ауылында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр. 

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау тек 82 тұрғын үйге беріледі, ал қалған 253 үй су таситын көлікті пайдаланады. Қазіргі уақытта ауылды ауыз сумен 100% қамтамасыз ету мақсатында су құбыры құрылысының екінші кезеңі жүргізілуде. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін ерекше назар аударып, барлық қажетті шараларды қабылдау керектігін атап өтті. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына сапары барысында Маңғыстау жерінің түйе шаруашылығын дамыту әлеуетіне сенім білдірді. Қазір аймақта 90 мыңға жуық түйе бар. Біз осы саланы дамыту үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеміз. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау үшін арнайы гранттар бөлінетінін атап өту маңызды, бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және біздің ауылдық қауымдастықтардың өркендеуіне ықпал етеді. Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бірлескен күш-жігермен біз ауылдық округтеріміздің тұрақты дамуына және барлық азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартамыз, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы