Маңғыстауда су тұщыту зауытының құрылысы басталды

Маңғыстауда қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарақия ауданына қарасты Тоқмақ жерінде теңіз суын тұшыту зауытын салу Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңаөзен қаласы Еділ суын Қиғаш өзені арқылы «Астрахан-Маңғышлақ» құбырынан алып, тұтынады. Бұл - Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар елді мекендердің халқы үшін судың жалғыз орталықтандырылған көзі. Су тұтыну көлемі халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына байланысты жылдан жылға артып отыр.

Тоқмақ аймағында су тұшыту қондырғысын салу жобасы іске асырыла бастады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес мекемесі – «Өзенмұнайгаз» әзірлеген бұл жобаны іске асыру «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырынан су тарта отырып, Жаңаөзен қаласы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға мультипликативті әсер етеді. Сондай-ақ халыққа жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал болады, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Су тұшыту зауытының құрылысы өңір үшін жүздеген жаңа жұмыс орнын қалыптастырады. Құрылыс кезеңінде 240-тан астам адам, ал зауыт жұмысын бастаған соң 100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылдың көктемінде зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы