Маңғыстауда сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді.

Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың суретін Ольга Михайлова есімді әлеуметік желі қолданушысы парақшасына жариялап, «Маңғыстауға көктем келді», деп жазды.

Соғды қызғалдағы(Tulip sogdiana) – биікті 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдіктің түрі. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара, қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады.

Соғды көктемнің ортасында наурыздан сәуірге қараған уақытта гүлдей бастайды. Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстаудың құмды аймақтарында немесе сирек, сазды, шөлейтті жерлерде өседі.

Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабына енген, сирек кездесетін гүл.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы