Маңғыстауда «Сергек» бейнекамерасы үш күнде 20 млн теңгеге айыппұл анықтады

Ақтауда және Мұнайлы ауданында 18-21 шілде аралығында «Сергек» зияткерлік бақылау жүйесі 20 миллион теңгеге бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылдың 18-21 шілде аралығында Маңғыстау облысында автоматты режимде жұмыс істейтін «Сергек» арнайы техникалық құралының көмегімен 711 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ал әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі жүйесіне 398 әкімшілік қаулы енгізілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Ақтау тұрғындары арасында әлеуметтік желілерде мониторинг және сауалнама жүргізілді. «Ақтауда «Сергек» қажет деп ойлайсыз ба?» деген сауалған 47,9% оң жауап берді, 43,2% теріс пікір білдірген. 8,9% инновацияға немқұрайлы қарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы