Маңғыстауда ревакцинация жұмыстары қашан басталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров хабарлады. Оның айтуынша, қайта вакцинациялау қазан айына жоспарланып отыр.

Нақтылап айтар болсақ, ревакцинация қазан айының үшінші онкүндігінде басталады деп жоспарланып отыр. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен педагогтар егіледі. Айта кететін жайт, қазіргі уақытқа дейін медицина қызметкерлерінің 84%-ы, педагогтардың 100%-ы екпе алған болатын. Вакцинациялау жұмыстары әлі де жалғасын табуда, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ол сөзінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе салуды жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру науқанын жүзеге асыруға қатысты жол картасы жасақталғанын жеткізді.

Облыс тұрғындарының арасында вакцинация туралы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына медицина саласының өкілдері, мемлекеттік органдардың мамандары, облыстың зиялы қауым, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар тартылып, тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде, - деді Аманбек Жұмыров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында неліктен вакцинациялау қарқыны төмен екендігі туралы жазған болатынбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы