Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасады

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында қаза тапқан сарбаздың әкесі қорғаныс министріне бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде ер адамның видеосы тарады. Оның айтуынша, баласын тапаншамен бетіне атқан.

Қайғылы оқиға болды, офицер тапаншамен ойнаған дейді. Сол кезде тапанша өздігінен оқ атқан екен. Қорғаныс министрінен осы істі жіті бақылауға алуды сұраймын. Қайғылы жағдай болды деп, жаба салмасын. Тапанша оқ атуы үшін алдымен оқты оқтамаға салу керек, сосын сақтандырғыштан шығарып, шүріппесін басу қажет. Бұл ойыншық емес, офицер де оны жақсы білді, - дейді марқұмның әкесі.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде оқ атқан офицер қамауға алынған.

Мен тергеудің жан-жақты жүргізілгенін қалаймын, - деп талап етті ол.

Айта кетері, бұл оқиға 7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында болған. Ол жерде "Батыс" аймақтық қолбасшылығының құрылымдары оқу-жаттығу өткізген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы