17 Ақпан 2026, 02:34
Фото: Скриншот
Маңғыстауда қатты жел сауда орталығының шатырын ұшырып әкетті
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында 16 ақпанда екпінді жел салдарынан сауда орталығының шатыры зақымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік ТЖ департаментінің мәліметінше, екі қабатты «Бақжан» сауда орталығының шамамен 100 шаршы метр шатыр бөлігі ұшып кеткен. Ғимараттың жалпы ауданы – 612 шаршы метр. Оқиға кезінде желдің жылдамдығы секундына 8-14 метрге жеткен, ауа райы бұлтты болған.
Салдарынан тұрақта тұрған екі автокөлік пен бір сыртқы жарықтандыру бағанасы зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Оқиға орнына ТЖД-ның бес қызметкері мен екі техника бірлігі жұмылдырылды.