Маңғыстауда қаскүнемдер ұйықтап жатқан ер адамның ақша салынған сөмкесін ұрлап кетті
Маңғыстау облысында екі ер адам газ құю бекетінің қызметкерінің ақша салынған сөмкесін ұйықтап жатқан жерінен қолды еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 тамызда Бейнеу ауылындағы газ құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматтан 80 мың теңге көлемінде ақша салынған сөмкені ашық түрде ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі іс жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәдина жасанды суқоймасына құлап кеткен
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы