Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен
Оқыс оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Lada.kz мәліметінше, 29 шілде күні таңда ешкі тұрған қораға бес қаңғыбас ит кіріп кетіп, 40 бас ешкіні талап кеткен.
Ешкілердің иесі, кәсіпкер Құмар Нүрпейісова шағымын айтты.
Мен кәсіпкерлер палатасына, облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бардым. Ешкім көмек бермеді. Облыс әкімінің қабылдауына жазылдым. Елемеді, - деді ол.
Әйелдің сөзінше, ол ешкі өсіру үшін "Нұр-Капитал" бағдарламасы бойынша несие алған.
Менің өнімім Мұнайлы ауданы тұрғындарын сүт, ірімшік, құрт, кілегей және ешкі сүтімен қамтамасыз етіп келді. Бұл менің жалғыз табыс көзім еді. Қаңғыбас иттер екі сағатта барлығын қырып кеткен, - деді Нүрпейісова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бектенов жалған кәсіпорындармен күресуді тапсырды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы