Маңғыстауда полицейлер Конституция күні мерекесі қарсаңында марапатталды

Конституция күні қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимаратында қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев алғысөз сөйлеп, жеке құрамды мерекемен құттықтап, «Конституция күні» мерекесінің полиция қызметкерлері үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында Ішкі істер министрлігінің және облыстық полиция департаменті бастығының мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген, қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы