Маңғыстауда мейірімге мұқтаж 55 ерекше баланың құқығын бұзғандар жауапқа тартылды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында психологиялық-педагогикалық қолдауға мұқтаж ерекше балалар тиісті көмексіз қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 55 ерекше қажеттілігі бар баланың құқығы бұзылған. Анықталған заңбұзушылықтар психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қызметін тексеру кезінде аудан прокуратурасының назарына іліккен.

2023-2024 оқу жылында көру қабілеті төмен, маманның сүйемелдеуіне мұқтаж 12 балаға тифлопедагогтың көмегі қамтамасыз етілмегені анықталды, - деп жазылған Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарламасында. 

Маңғыстау облыстық прокуратурасы мәлім еткендей, балалардың бірі үшін дефектолог, логопед, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мен массажистің көмегі қажет деп танылғанымен, ол бала қажетті сүйемелдеусіз қалған. Оған жеке даму бағдарламасы жасалмаған, сабақтар жоспарланбаған және өткізілмеген.

Мысалы, бір балаға педагог-дефектологтың, логопедтің, психологтың, емдік дене шынықтыру нұсқаушысының және массажистің көмегі ұсынылған. Алайда баланың жағдайына бақылау жүргізілмеген, мамандардың көмегі көрсетілмеген, жеке даму бағдарламасы, сабақ жоспары мен кестесі әзірленбеген. Қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің көрсетілмеуі салдарынан 55 мүгедектігі бар баланың құқықтары бұзылған", – деп мәлімдеді прокуратура.

Тексеру қорытындысы бойынша мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке, ал орынбасары тәртіптік жазаға тартыған. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша түзету кабинеті директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, ал оның орынбасарына тәртіптік жаза қолданылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 55 мүгедектігі бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді, - делінген қадағалаушы орган хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында мектеп төбесі ортасына түскенін хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы