Маңғыстауда медициналық ұйымдардан 600 млн теңге жымқырылды

Маңғыстаудағы медициналық ұйымдардың бірінен 600 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Прокуратура құқық бұзушылықтарға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Маңғыстауда денсаулық сақтау саласындағы миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасы анықталды. 

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады. Жалған медициналық қызметтер көрсету, денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталды.

Ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру анықталды. Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған, - деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері анықталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы