Маңғыстауда қырылып жатқан жылқылар: 200 млн теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында шаруа қожалықтарына жем дайындау науқаны басталды. Бұл туралы Тumba.kz. хабарлады.
Ай сайын шілде айынан бастап жыл соңына дейін Маңғыстау облысының барлық бес ауданына 2200 тонна жем-шөп сатып алынады. Ал көрші өңірлердегі жеке кәсіпкерлер 15 маусымнан бастап жем-шөп жеткізіп беруге дайын, - деді Маңғыстау облысының әкімдігі.
Нақтыланғандай, 200 млн теңгеден астам қаражат облыстық бюджеттен бөлінбек.
Сондай-ақ, жылқылардың бір бөлігі жайылымдарға жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында жылқылар аштан өліп жатқандығын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы