Маңғыстауда күдікті полиция учаскесінде көз жұмды 

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адам полиция учаскесінде терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.                                                                                   

Әйел адам кәмелетке толмаған екі қызға зәбір көрсетілгенін айтып, ішкі істер органына арыз түсіреді. 

Тергеу барысында күдікті қос  қыздың ата-анасының жақын танысы болып шығады. Ер адам зорлық-зомбылық әрекеттерін 2019 жылдан бастап жасағаны анықталды. Айуандық әрекетін әшкере болғанған дейін төрт жыл бойы жалғастырған. 

Құқық қорғаушылар күдіктіні осы жылдың 5 ақпанында қолға түсірді. Ер адам өз кінәсін мойындап, содан кейін өзін-өзі өлтіру үшін полиция бөлімшесінің терезесінен секіргені белгілі болды. Бірнеше күннен кейін күдікті ауруханада қайтыс болды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: информ кз
Өзгелердің жаңалығы