17 Қыркүйек 2026, 08:55 Фото: Қорғаныс министрлігі

Маңғыстауда көпсатылы әскери оқу-жаттығу басталды

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің өзара іс-қимылына, техниканың дайындығына ерекше назар аударылады.

Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында Қарулы күштердің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Құрлық әскерлерінің қатысуымен көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.

Алғашқы кезеңде роталық-тактикалық топтар белгіленген аудандарға марш жасап, бөлімшелерді басқару, лек құрамында қозғалу және белгіленген бағыт бойынша әрекет ету міндеттерін пысықтады.

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің өзара іс-қимылына, техниканың дайындығына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жағдай өзгерген кезде командирлердің жедел шешім қабылдауына ерекше назар аударылады.

Жаттығу әскери басқару органдары мен бөлімшелердің операцияларды жоспарлау және орындау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ әскерлердің түрлі жағдайларда қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге бағытталған.