Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған

Қылмыстық іс арнайы прокурордың бақылауында, сот сараптамалары тағайындалды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы техникалық колледждің қызметін тексеру барысында заңбұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде бас бухгалтер 243 млн теңге көлеміндегі іссапар, шәкіртақы және салық төлемдеріне арналған қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс арнайы прокурордың бақылауында, сот сараптамалары тағайындалды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы