Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қаулыға сәйкес, облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты.
ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметті кезексіз алады.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талибан Ауғанстандағы жаңа үкіметтің құрамын жариялады
Өзгелердің жаңалығы