Маңғыстауда экспорт қалай дамуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынің мәліметінше, өңір әлемнің 75 елімен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатқан.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды жеңілдікпен несиелендірде Жобалық кеңсенің деректері бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 52016,7 млн теңге сомасына 7 жоба мақұлданды. Биыл 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 6402,8 млн теңгеге 9 жоба мақұлданды. 

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерлету бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің операторы, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып отыр және шығындарды өтейді.   

Өңір әлемнің 75 елімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде әлемнің 32 елімен экспорттық операцияларды, әлемнің 75 елімен импорттық операцияларды жүзеге асырады. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Маңғыстау облысында экспорт көлемі $1 933 711,79 құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі экспорт көлемінен 32%-ға төмен. Экспортталатын тауарлардың негізгі түрі $1 901 435,13 сомасына отын-энергетика тауарларын (мұнай және мұнай өнімдері, сұйытылған мұнай газдары) жеткізу болды. 

Аймақ экспортының жалпы көлеміндегі отын-энергетика тауарларының үлесі 97% құрайды. Нарықтың негізгі үлесі ЕО елдеріне: Болгария, Біріккен Корольдік, Германия, Греция, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Қытай, Литва, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Түркия, Финляндия, Швейцария, Швеция, Әзербайжанға тиесілі. 

Облыстағы өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттаушылар – «ҚазАзот» АҚ (азотты минералды тыңайтқыштар), «Каспий Цемент» ЖШС (портландцемент), «Куду Индастриз Қазақстан» ЖШС (бұрандалы сорғылар және канадалық технология бойынша жиынтықтаушылар), «Арселор Миттал Тубулар Продактс Ақтау» АҚ (үлкен диаметрлі жігі шиыршық болат құбырлар), «Satex Chemie» ЖШС (битум негізіндегі қатты және сұйық гидрооқшаулағыш материалдар өндірісі), «Maga-Bread» ЖШС (тамақ өнімдері өндірісі), «Ағарған» ЖШС (тамақ өнімдері өндірісі).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы