Маңғыстауда экологтар мұнай компаниясына айыппұл салды
Маңғыстау облысында экологтар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға айыппұл салды. Жоспардан тыс тексеру барысында Қаламқас кен орнында топырақтың ластану фактісі анықталған. Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталған заңбұзушылық ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сараланды. Аталған бапқа сәйкес, қоршаған ортаға экологиялық залал келтіргені үшін кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңнамаға сәйкес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл мөлшері 2 000 АЕК-ке, яғни 7 864 000 теңгеге дейін жетеді.
Сонымен қатар кәсіпорынға экологиялық талаптарды сақтау және мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша нұсқамалар берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы