12 Қараша 2025 2025, 11:24 Фото: pixabay.com

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстауда декретте отырған көлік прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаменті Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, 2025 жылғы 9 қарашада алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Маңғыстау көлік прокуратурасының қызметкері ұсталды. Аталған қызметкер 2024 жылдан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалыста болуына орай нақты қызметтік міндеттерін атқармаған, - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында. 

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мұғалім алаяқтық жасап, 420 мың теңгені иемденгенін жазған болатынбыз.