Маңғыстауда дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дауылды ескерту кезінде облыс тұрғындарына жеке көліктерін ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс қоюға кеңес берілді.

Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды – оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.

Құтқарушылар балкондар мен лоджияларда қайта қарауды жүргізуге кеңес береді. Барлық жеңіл және көлемді нәрселерді бекіту немесе бөлмеге ауыстыру керек. Жеке көліктерді ағаштар мен тозған ғимараттардан алыс ұстаңыз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау маңызды. Үйлердің қабырғаларына қатты желден жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер және басқа материалдары құлауы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы