Маңғыстауда дәрі-дәрмек қоры 2 айға жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында дәрілік препараттардың қоры жеткілікті. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Құбатаев мәлім етті.

Облыста жұмыс істеп тұрған 325 дәріхана бар. Департамент тарапынан уақытылы мониториг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Тексеріс барысында бактерияға қарсы препараттардың ағымдағы жылдың мамыр- маусым- шілде- тамыз айында көтерме сауда қоймаларына 1 761 217 қорап келіп, оның 1 021 545 сатылғаны анықталды. Спикердің айтуынша, сатылған дәрінің барлығы - дәрігердің нұсқауымен ғана берілетін препараттар. Биыл жазғы айларда пандемия өршіп тұрған кезінде адамдар көбіне-көп әлеуметтік желілерде, ғаламторда тараған түрлі әдістермен емделіп жүрді. Бұл – үлкен қателік. Осы орайда, жуырда ғана облыстық әкімдікте дәріханаларда дәрігердің нұсқауынсыз дәрілік препараттарды сатпау туралы жиын өткен болатын.

Бұдан былай дәріханаларда мамандардың рецептісінсіз ешқандай препарат берілмейді. Басқаша болған жағдайда міндетті түрде департаментке хабарласуларыңыз қажет. Бұйрық орындалуы тиіс, - деді Ринат Құбатаев.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес – 138 белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қамтамасыз етілуде. Оның ішінде «COVID 19» инфекциясы амбулаториялық жағдайда тегін келесі дәрілік заттар қамтамасыз етіледі.

Ересектерге арналған: Қауіп факторларынысыз жеңіл түрі (Жедел респираторлық вирустық инфекциясы клиникасы) Парацетамол таблетка, ибупрофен таблетка.

Пневмония, пациентте қауіп факторлары бар ықтимал жағдайы: Парацетамол таблетка, ибупрофен таблетка, ривароксабан таблетка, апиксабан таблетка, дабигатран капсула.

Вирус ешқашан антибиотикпен емделмейді. Қайта өзіңіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы тұратын күшін төмендетіп, ауыр жағдайға шалдығудың қаупі өте жоғары болмақ, - деді Ринат Құбатаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Маңғыстау облысының көтерме қоймалары мен дәріханаларында 41 атау бойынша дәрілік заттардың болуын қадағалайтын мониторинг жүргізіледі.

Осы орайда, мамандар медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы,

Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес  жауапкершіліктер қарастырылғанын ескертеді.

Департаментке тіркелмеген дәрілік заттарды сату, сондай-ақ бөлшек сауда бағаларынан асып кету фактілері бойынша 179 өтініш түсті, оның ішінде:

- Әлеуметтік желілерден (жедел желіге) 95 шағым келіп түсті, бұл шағымдар Маңғыстау облысының полиция департаментіне жедел шаралар қабылдау үшін жіберілді.

- Мемлекеттік органдардан түскен 71 шағым;

- DARI.KZ қосымшасы арқылы 13 шағым;

Аталған материалдар бойынша барлығы 33 хаттама толтырылды және екі дәріханаға соттың шешімімен 15-30 күнге қызметін уақытша тоқтатты.

2020 жылдың 17 қарашасынан бастап Департаменттің мамандарынның және Маңғыстау облысының әкімшілігінің экономикалық және бюджеттік бөлімінің басқарма мамандарымен бірге  тұрақтандыру қорына бөлінген (Ада фарм, Файз-2016, Искакова ЖК) 300 млн тенгеге сатып алынған дәрілік заттардың тізімге сәйкестігі және қалдығына  мониторинг жүргізілуде.

Маңғыстау облысында КВИ инфекциясын  және салдарын емдеу мақсатында дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры жасақталуда. «Каспий» ӘКК мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлері арасында 300 миллион теңгеге келісім жасалды. 

Бүгінде «АДА-Фарм Ақтау» ЖШС 128 млн. теңгеге дәрі-дәрмектер сатып алды, компанияның жеке қаражатынан, 35 млн  теңгеге дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ сатып алынды. ЖШС  «ФАИЗ-2016» 100 млн. теңге, жеке кәсіпкер Ж.Искакова  50 млн. теңгеге дәрілік заттар сатып алды. Атап айтқанда антибиотиктер, дәрумендер ,вирусқа қарсы, қызу түсіретін, қан сұйылтатын, гормондық дәрілік заттар алынды.

КВИ мен оның салдарын емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен халықты қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибьютор «СК Фармацияға» 30 млн теңгеге  қан сұйылтатын, гормондық дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар сатып алынды, және қосымша  200 миллион теңгеге сұраныс берілді.

Сонымен қатар дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында  кәсіпкерлер дәрілік заттарды  бір реттік енгізуге лицензия алып, өз қаражатына да әкелуде.

Департамент дәрілік заттардың қалдықтарын, шекті бағадан аспауын, қорғаныс құралдарын көтерме және бөлшек сауда желісінде күнделікті телефон арқылы бақылауда .

Қазір Маңғыстау облысында көтерме саудада 659000 медициналық бетперде, бөлшек саудада 469000 медициналық бетперде, бөлшек және көтерме желілерде 35243 жұп медициналық қолғап бар.

Дәрілік заттардың  қажеттілігі комиссия отырысында апта сайын талқыланады. Қан сұйылтатын, гормондық және вирусқа қарсы дәрілік заттар алуға қосымша 150 млн теңге қаржы бөлінбек.

Қазір күздің кезі, грипптың күшейетін уақыты. Осы кезде жәй гриппке ме, әлде коронавирусқа шалдықтың ба білмей қаласың. Сол себепті егер салқын тисе, бірден емханаға хабарласып, алдын-алған жақсы. Өзіңіздің, отбасыңыздың, жақындарыңыздың денсаулығына мұқият болыңыз. Міндетті түрде оқшауланып, жиі-жиі бөлменің ауасын тазартып тұрыңыз, - деді Р. Құбатаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы