Маңғыстауда қызметін заңсыз жүзеге асырған букмекерлік кеңсе анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында "InBet" букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
13 тамыз сағат 21.30-да Мұнайлы ауданының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында тәртіп бұзушылық фактісін анықтады.
Букмекерлік кеңсе өз қызметін заңсыз жүзеге асырған. Полиция айғақ зат ретінде сегіз монитор, жеті жүйелік блок, екі теледидар және бір кассалық аппарат тәркіледі. Осы факті бойынша жиналған материал Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді, - делінген ведомство мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Азаматтарға арналған үкімет" халықты сақ болуға шақырды
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы