Бүгiн 2026, 13:18
Фото: ©BAQ.KZ
Маңғыстауда бір тәулік ішінде қой мен қозы ұрлаған күдікті ұсталды
Ұрланған мал күдіктінің қорасынан табылып, қылмыстық іс қозғалды.
Жаңаөзен ауданындағы Теңге ауылында полиция мал ұрлығы дерегін жедел ашып, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарына ауыл тұрғыны хабарласып, ауласындағы малдың жоғалғанын айтқан. Полиция мәліметінше, белгісіз адам қораға кіріп, қара түсті төрт қой мен бір қозыны ұрлап кеткен.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барған. Іздестіру шаралары барысында полицейлер бір тәулік ішінде 1984 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстаған.
Ұрланған мал күдіктінің қорасынан табылып, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.