Маңғыстауда белгілі видеограф ұсталды
Әлеуметтік желілерде Маңғыстауда танымал видеограф кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады. Полиция оқиғаны растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Видеограф жергілікті пабликтер мен Ақтау әкімдігі үшін видеолар түсіріп, лақап атпен жұмыс істеген.
Анықталғандай, оның әлеуметтік желілердегі аккаунттары бірнеше апта бұрын жойылған. Полиция бұл мәліметтерді растады.
2025 жылғы 4 қарашада полицияға кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық әрекет жасау фактісі бойынша арыз түсіп, күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды. Сот шешімімен ол екі айға тергеу изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы