Маңғыстауда балық аулау мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы әкімдігінде бұған дейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Түпқараған ауданында өткен облыстың балық шаруашылығы саласы бойынша көшпелі кеңес хаттамасының орындалуы және кәсіпшілік балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлады Маңғыстау облысы балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Маңғыстау өңірінде кәсіпшілік балық аулау аймағы Каспий теңізінің Түрікмен шекарасындағы Сүйе жерінен Атырау облысының Прорва жерінен дейінгі ұзындығы 1350 шақырымды құрайды. Теңіз жағалауы бойынша Түпқараған және Қарақия ауданында 6 балық шаруашылық ауданы 33 кәсіпшілік балық аулау учаскесіне бөлінген. Оның ішінде 27 учаскесі 19 табиғат пайдаланушыға бекітілген, Түпқараған ауданы бойынша 18 балық шаруашылығы учаскесі 14 табиғат пайдаланушыға, Қарақия ауданы 9 балық шаруашылығы учаскесі 8 табиғат пайдаланушыға бекітілген. 6 учаске резервте тұр, соның ішінде Түпқараған ауданы бойынша 4 учаске, Қарақия ауданы бойынша  2 учаске. 

Облыста 198 бригада, 677 балықшы, 161 қайық тіркелген. Оның ішінде Түпқараған ауданы бойынша 176 бригада, 561 балықшы, 123 қайық, Қарақия ауданы бойынша 22 бригада, 116 балықшы, 38 қайық тіркелген. 2020 жылдың 1-шілдесінен – 2021 жылдың 1-шілдесіне дейін – 11218,0 тонна квота бөлініп, оның ішінде табиғат пайдаланушыларға 5889,2 тонна бөлініп, қазірге дейін 3448,42 тоннасы (58,6%) игерілді. 2021 жылдың шілдесінен – 2022 жылдың 1-шілдесіне дейін – 9357,0 тонна квота бөлініп, оның ішінде табиғат пайдаланушыларға 7235,0 тонна бөлініп, 1617,7 тоннасы (22,4%) игерілген. Соның ішінде Түпқараған ауданы бойынша 1579,5 / 23 %,  Қарақия ауданы бойынша 38,187 / 10,1%, игерілген.

25 қаңтарында резервтегі 8 балық шаруашылығы учаскесінің жарияланған конкурсын ниет білдірушілер қатысып, ол бойынша жеңімпаздар анықталған 6 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілді. Конкурсқа шығарылған балық шаруашылығы учаскелерінің ішіндегі ең жоғарғы бағаға өткені Қарақия ауданына тиесілі 5.4-1 учаскесі 10,939 млн.теңге. («КаспийРыбаЕвразия» ЖШС). 

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2022 жылдың басынан бастап 98 өтінім қаралып, оның 92 өтініміне рұқсат беріліп, 6 өтінімнен бас тартылды. 

Бүгінгі отырыста Маңғыстау облысында кәсіпшілік балық аулауға қатысты ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда Түпқараған және Қарақия ауданы әкімдіктеріне браконьерліктің алдын-алу мақсатында бильбордтар ілдіру. Қалалар мен аудандарда Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жоспарына сәйкес, балық дүкенін ашуға заңнама шеңберінде қолдау көрсету. Кәсіпшілік балық аулау ауы жібінің диаметрін 0,3 мм-ден басталатын полиамидті моножіптен және басқа да синтетикалық моножіптен жасалған ауларды пайдалану мүмкіндігін қарастыру жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде және Кутум балығын ҚР Қызыл кітабынан шығару және кәсіпшілік маңызы бар балық түрлеріне енгізу жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар жіберілген.

Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев кәсіпшілік балық шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы туралы баяндады. 

Сондай-ақ, балықшылардың балық шаруашылығындағы заң бұзушылықтар, балық шаруашылығындағы Шекара қызметі мәселелері бойынша туындаған сұрақтар, Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу, «Кутум» балығын «Қызыл Кітап» тізімінен алып, кәсіпшілік балық аулау квотасына енгізу, Каспий теңізінің ерекшелігіне байланысты кәсіпшілік балық аулау ауы жібінің диаметрін 0,3 мм-ден басталатын полиамидті моножіптен және басқа да синтетикалық моножіптен жасалған ауларды пайдалану мүмкіндігін қарастыру. 

Бұдан бөлек Каспий теңізінің Маңғыстау облысы шегіндегі орналасқан балық шаруашылығы учаскелеріне бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін қайта қарау, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем мәселесі, ветеринариялық зертхана жұмысы және анықтама беру мәселесі назардан тыс қалмады. 

Жиын "сұрақ-жауап" форматында жалғасып, тиісті ведомстваларға бірқатар тапсырмалар берілді. Олардың қатарында Каспий теңізіндегі ауланған балықтардың көлеңкелі жолмен сатылымына тыйым салу, заңсыз балық аулау, құжатсыз тасымалдау жағдайларының алдын алу, табиғат қорғау заңнамасын бұзылуына жол бермеу, санитарлық талаптардың сақталуы, жеңілдікті салық салу, инвестициялық және шаруашылық шығындарды субсидиялау, айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген несиелендіруге қол жеткізу және технологиялық жабдық сатып алу бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету, балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін қолайлы жағдай жасау, өзекті мәселелерді шешу және заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі шаралар қабылдау. Жиынға қатысушылар баяндамашыларға және табиғат пайдаланушыларға сауалдарын қойып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы