7 Қараша 2026, 02:40 Фото: видеодан скрин

Маңғыстауда автобус мұнайшыны қағып кетті: ер адам оқиға орнында көз жұмды

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға сағат 11:30 шамасында Ақтау – Қаламқас тасжолының 170–171-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Daewoo автобусы Қаражанбас кен орнына қарай бағыт алған. Алған жарақаттарынан мұнайшы оқиға орнында көз жұмды.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы қызметкерінің қаза болғанын растады.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылған. Қазір тергеушілер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді полиция.