Маңғыстауда аудан тұрғындары белсенділік танытты
Маңғыстау BAQ.KZ.тілшісі Маңғыстау облысы бойынша барлық қала, аудан, ауылда сағат 20:00-де дауыс беру тоқтады.
Референдум учаскелері бюльетендерді санап, дауыс беру қорытындысын шығаруға кірісіп кетті.
Сағат кешкі 17:00- дегі мәлімет бойынша облыс халқының 240 мыңнан аса адам дауыс берген. Бұл электораттың 59,14 пайызы. Белсенділік Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған аудандарында байқалады.
Өңірде референдум талапқа сай өтіп жатыр. Бұны Ақтау мен Жаңаөзенде және елді мекендерде жұмыс істеген Exit poll өкілдері айтты. Сондай-ақ, олар референдум учаскелеріндегі өңір халқының белсенділігін атап өтті. Олар тіпті дауыс беру учаскелерден шыққан азаматтардың референдум туралы пікірлерін білу мақсатында сауалнама жүргізген.
Референдумға келгендердің арасында жастардың үлесі басым. Бұл бұрын байқалмаған. Біз учаскелерден адамдардың белсенділігін байқадық. Бүкіл халық дауыс береді деп ойлаймын, - деді «Астана» кешенді зерттеулер компаниясының өкілі Наталья Зуева.