Маңғыстауда әскерилер "Бірлестік-2024" халықаралық оқу-жаттығуына дайындықты талқылады

Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Тараптар "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуге жоспарлап отырған "Оймаша" полигонында оны ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды.

Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы