Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуы тоқтады
Маңғыстаудағы Қаракөл аумағында аққулардың жаппай қырылуы толастады. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бір айдан астам уақыт бойы қырылған аққулардың саны 1132-ге жетіп, тоқтады. Соңғы 3-4 күндікте қорық аумағындағы жағдай тынышталды. Ауа райының күрт суытуына байланысты көлде мұз қатып, аққулардың дені басқа жаққа ұшып кетті деген болжам бар. Көлде әзірге қырылған құстар байқалмайды. Осыған дейін өлген құстарды жинап алу жұмыстары жүргізілді. Әр жерде бірен-сараң өлекселер кездесуі мүмкін. Бірақ судың қатуынан оларды жинау мүмкін емес, - деді басқарма басшысы Ғаббас Досатов.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы Қаракөл қорығында мыңға жуық аққудың құс тұмауынан қырылып жатқанын хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда өзендерде жару жұмыстары басталды
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы