Маңғыстауда алименттен жалтарғандар көп

Осы жылдың екі айында алимент өндіру бойынша 7 азаматтық іс қаралып, қанағаттандырылған, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.  

Тағы 23 борышкерге іздеу жарияланды. 

Құзырлы орган өкілдері сот орындаушысы мен қылмыстық қудалау органдарының әрекетсіздігі алимент төлеуден жалтарудың көптеп орын алуына ықпал етеді деген пікір айтты.

Бізге қойылған негізі міндеттердің бірі – еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы статистикалық мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету. Алимент төлемей, қашып жүрген борышкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік және Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту қолданылады. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер жыл сайын көбейгені рас. Олардың теріс әрекеттеріне қаншалықты шаралар қолданылып жатқанын жиі саралап отыруымыз керек, – дейді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бастығы Асан Абдуллаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: tengrinews.kz
Өзгелердің жаңалығы