Маңғыстауда алимент төлеушілер 73 миллион теңге кірістерін жасырған

Прокурорлар жалпы сомасы 73,3 миллион теңгенің кірісі туралы ақпаратты жасырған 13 алимент борышкерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, алимент бойынша борышкер «А» 2023-2024 жж. бәс тігу үшін букмекерлік кеңсенің жеке шотына 45,7 млн теңге салған. Бұл ретте, борышкер «А» өз міндеттемелерін орындаған кейпін қалыптастыру үшін формальды түрде 85 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасады, ал оның атқару өндірісіндегі берешегі 2,5 млн теңгені құраған. Аталған факті бойынша прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жылдың басынан бері прокурорлардың бастамасымен 21 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, 13 іс бойынша сот үкімі шығарылды, қалғандары тергеу сатысында. Прокуратура алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы қатаң ескертеді, - деп жазылған облыстық прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы