Маңғыстауда алимент төлемеген 43 әкеге сот үкімі шықты
Өткен жылы Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 43 адамның ісін қаралған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстың соттың хабарлауынша, 2023 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 86 тұлғаға қатысты 71 қылмыстық іске нүкте қойылған. Сонымен қатар, сотталған тұлғалардың саны 81 адамды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырған 30 адамға көп болып отыр. Олардың ішінде 27 іс кәмелетке толмағандар арасында қозғалған (2022 жылы - 14 адам).
Сотталған 81 адамның 31-і ауыр (2022 жылы 19 адам), 10-ы ауырлығы орташа (2022 жылы 9), 40-ы онша ауыр емес (2022 жылы 23) қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылды. Салыстырмалы кезеңде істердің көбейгенін байқалды. Қаралған істердің басым көпшілігі ҚК-тің 139-бабы, яғни, алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қаралған. Бұл бап бойынша өткен жылы 43 адам сотталды, - деп жазылған облыстық сот таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, 2023 жылы ұрлық бабы бойынша 20 тұрғынға сот үкім шығарды.