Маңғыстауда әкім орынбасарлары ұсталды
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, - деп забарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы