Маңғыстауда 71 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында жыл басынан бері 71 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері облыстың 71 мыңнан астам тұрғыны түрлі құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 892 іс әкімшілік сотқа жолданды. Тәртіп сақшылары тұрақты негізде қылмыс пен құқық бұзушылықтың барлық түрлерінің алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ халықпен тығыз өзара іс-қимылды жүргізеді.
Есепті кезеңде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін болған оқиғалар туралы азаматтардың өтініштері және хабарламалары бойынша жұмыс шеңберінде, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою және бүлдіру ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес 3 774 хаттама жасақталды. Тексеру барысында полицейлер түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген 80 кәмелетке толмаған баланы анықтады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2 473 кәмелетке толмаған баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген талдау көрсеткендей, алты ай ішінде учаскелік инспекторлар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін екі мыңнан астам азаматты жазалаған. Жеке қоғамдық орындардың тыйым салынған бөлігінде темекі шеккен 453 адам анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша хаттама толтырылды. Ал 2 533 азамат ұсақ бұзақылық жасаған. 102 пультіне түнгі уақытта тыныштықтың бұзылғаны туралы 1870 тұрғын хабарлаған. Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға шақырады. Осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша нөлдік төзімділік шамамен 14 269 құқық бұзушылықты құрады.