Маңғыстауда 15 мыңға жуық ақбөкен тіркелді
Негізгі назар ақбөкендердің Үстірт популяциясына аударылды.
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ақбөкендер мен арқарлар популяциясына мониторинг жүргізілді. Рейдтік іс-шараларды мемлекеттік табиғи қаумал инспекторлары аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Негізгі назар ақбөкендердің Үстірт популяциясына аударылды. Мониторинг нәтижесінде 15 мыңға жуық ақбөкен тіркелген. Мамандардың айтуынша, жануарлардың жағдайы тұрақты, өлім-жітім деректері мен заң бұзушылықтар анықталмаған.
Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар Қызылсай мемлекеттік табиғи паркі аумағы да тексерілді. Керти тауы мен Бесбұлақ маңында 50-ге жуық арқар байқалған. Олардың жағдайы да алаңдаушылық туғызбайды.
Рейд барысында инспекторлар сирек кездесетін қарақалды да кездестірген. Бұл жануар санының аздығына байланысты Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Ауа райының күрделілігі – қар үйінділері мен таулы жолдар – мамандар жұмысына кедергі келтіргенімен, табиғатты қорғау органдары аймақтағы сирек жануарларды қорғау және бақылау жұмыстарын жалғастырып отыр.
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:12
- «ҰБТ-ны сіздің орныңызға тапсырамыз»: талапкерлерге маңызды ескерту жасалды 20:55
- Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің бір бөлігі түнде жабылады 20:14
- Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр 19:52
- ШҚО-да сырттан келген екі адамнан психотроптық зат салынған 34 орама табылды 19:06
- Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті? 18:48
- Индонезиядағы магнитудасы 7,7 жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 20-ға жетті 18:13