Маңғыстауда 11 келі қара уылдырық тәркіленді

Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында 34 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеке тінту кезінде одан 5,2 келі қара уылдырық табылып, тәркіленді. 

Кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5,8 келі қара уылдырық тәркіледі.

Тәркіленген уылдырықтың жалпы салмағы шамамен 11 келіні құрады.

Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы