Маңғыстау ветеринарлары халықты төрт түлігін тіркеуге шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру базасына тіркелмеген малға мемлекет тарапынан субсидия немесе қолдау көрсетілмейді.
Бұл туралы Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев мәлім етті.
Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру дегеніміз – арнайы дерекқорға ауылшаруашылық жануары туралы мәлiметтердi енгiзу арқылы есепке алу. Яғни, ірі-ұсақ малдарды сырғалау, таңбалау арқылы жеке нөмiр мен құжат беріледі. Бірдейлендіру дерекқорына тек ірі шаруа қожалықтары ғана емес, жеке үй қожалықтары да тіркелу қажет.
Тіркелген мал басына салық төленбейді.
Әрбір мал иесі тұрғылықты жері бойынша ветеринарлық мамандарға жүгініп, өзінің малын деректер базасына енгізуі тиіс. Егер мал тіркелмеген болса, біз түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізе алмаймыз. Тиісінше, жануарлардың иелеріне тасымалдауға, сатуға, союға және т.б. ветеринариялық-рұқсат құжаттары берілмейді, - деді ол.Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаевтың айтуынша, қазір нақты жасы анықталған жануарларды тіркеу үшін 38 954 өтініш келіп түсті. 2021 жылғы 10 тамыздан 10 қазан аралығында жануарларды тіркеу бойынша одан арғы жұмыстарды жүргізу үшін «жасыл дәліз-2» қызметі ашылды.
Бүгінгі таңда облыста 639 493 мал басы тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Созылмалы аурулары бар адамдар нені білуі қажет?
Өзгелердің жаңалығы