Маңғыстау туризмді қалай дамытпақ
Маңғыстау облысында туризм саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Нұрдәулет Қилыбай биыл жарты жылда өңірге шет елдер мен ел аймақтарынан 367 мың турист келіп 15,2 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілгенін айтты.
Сөзінше, бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 20%-ға өскен.
Ақтаудағы "Жылы жағажай" аумағында 2027 жылға дейін инвестициялық құны 100 млрд теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Биыл 8,5 млрд теңгеге 3 жоба іске қосылды, - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ "Кендірлі" курорттық аймағының бас жоспары әзірленді. Оның дамуына оң серпін беру үшін дәстүрлі жағажай және экотуризмнен бөлек "ойын-сауық туризмі" сияқты қосымша бағыт та дамытылмақ. Қазіргі уақытта бұл бағытта мүдделі органдармен пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Аяз, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы