Маңғыстау тұрғыны ірі көлемдегі бекіре балығымен ұсталды

Маңғыстау тұрғынынан шамамен 50 келі бекіре балығы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі күн бұрын кешкі сағат 20:35 шамасында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ЖҚАЖ және патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен бірлесіп "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 39 шақырымында Mazda автокөлігі тоқтатылған. 

Полицейлер он дана бекіре балығын тәркіледі. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 45 келі 650 грамды құрап отыр. 

Полиция қызметкерлері 34 жастағы азаматтың ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы