Маңғыстау облысының шекарасы өзгереді

Маңғыстау облысының жер көлемі ұлғаяды. Облыс аумағына Каспий теңізі акваториясына дейінгі 722 мың гектар жерді қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Маңғыстау облысының жер көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Informburo.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Сәйкесінше, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді.

Облыс әкімдігінің түсіндірме жазбасына сәйкес, мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген.

Қаулы жобасын талқылау мерзімі 24 мамырға дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы