Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысының шекарасы Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен аумақтық сулардың сыртқы шегін өлшеуге арналған негіздік сызықтар арасындағы жерлерді ( 1 638 837,5075 га) Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен өзгертілсін, – делінген құжатта.
Ендігі жерде Маңғыстау облысының шекарасы төмендегідей сипат алады:
Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
Оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
Оңтүстік-шығыс шекара қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
Батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.
Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап бастапқы сызыққа дейінгі аумақ төмендегідей:
Ақтау қаласы бойынша 87171,2282 гектар;
Бейнеу ауданы бойынша 81805,1200 гектар;
Қарақия ауданы бойынша 513287,6044 гектар;
Маңғыстау ауданы бойынша 150105,7313 гектар;
Мұнайлы ауданы бойынша 49808,5611 гектар;
Түпқараған ауданы бойынша 756659,2625 гектар.
Қаулы 2024 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енеді.