Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, 13 тамызда өңір басшысы облыс активіне Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы Айдос Хамиевті таныстырды. 

Айдос Хамиев Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.

Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Өнеркәсіп, құрылыс және қала құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы Ақтау қаласында құрылыс учаскесінің мастері, өндіріс жұмысшысы болып бастаған.

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарындағы аумақтық органдарында жұмыс істеген.

2015 жылдан бері Ақмола және Маңғыстау облыстарының, Астана және Ақтөбе қалаларының жергілікті атқарушы органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Осы уақытқа дейін «Астанагенплан» Ғылыми-зерттеу жобалық институтында кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы