Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды

Айдос Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікқанұлы МайлыбаевМаңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Айдос Майлыбаев еңбек жолын 2001жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.

Айдос Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бас прокуратура
Өзгелердің жаңалығы